Атырау облысында 36 жел қондырғысы орнатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Исатай ауданында алғашқы Жел электр стансасы салынып жатыр. Қуаты 52 мВт болатын станса 2020 жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Электр стансасының құрылысы жаңартылатын электр энергиясы көздерін құру бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Жоба бойынша жел қондырғылары орнатылып, кейін «Атыраужарық» АҚ желілеріне жалғанатын екі шағын станса салынады. Оған «ЖелЭлектртехнологиялары» ЖШС бастамашыл болды. Жоба құны 12,3 млрд теңгені құрайды. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл. Станса Атырау облысында алынатын барлық электр энергиясының шамамен 13-14%-ын береді», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.

Станса Каспий теңізі жағалауындағы Манаш деген жерде салынып жатыр. Зерттеулерге қарағанда, бұл жерде жиі жел соғады, оның орташа жылдамдығы секундына 10-12 метрге жетеді. Электр стансасының үзіліссіз жұмыс істеуі үшін желдің жылдамдығы 4 м/с болса жеткілікті. Жалпы 36 жел қондырғысын орнату жоспарланған. Қазірге дейін соның жетеуі монтаждалды. Оның әрқайсысының салмағы 230 тоннаны, ал биіктігі 100 метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар