Атырау облысында 337 жұмысшының 59 млн теңге жалақы берешегі өтелді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 337 жұмысшының 59 млн теңге жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров айтуынша, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін 12 мекемеге «Сенім» сертификаты берілген. Ал, 122 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құрылған.

«Еңбек дауларын шешу мақсатында қабылданған тиісті іс-шаралардың нәтижесінде 23 жұмыс жағдайы, оның ішінде облыстың 14 кәсіпорнында еңбекақыны көтеру мәселесі шешімін тапты. Ал, 26 кәсіпорында жұмыс істейтін 337 жұмысшының 59,4 млн теңге жалақы берешегі өтелді», -дейді Игілік Әубәкіров.

Оның айтуына қарағанда, былтыр шетелдік жұмыс күшін тартатын 61 кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 23 қазақстандық жұмысшының еңбекақысын төмендетілгені, 33 шетелдік маманның берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда қызмет атқарғаны, 59 шетелдік біліктілігі атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейтіні анықталған. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік жұмыс күші санының арақатынасына қатысты 72, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты 33, халықты жұмыспен қамту заңнамасын бұзған 14 деректері анықталған.

«Облыста еңбек жанжалдары орын алуы ықтимал 25 кәсіпорында тиісті шаралар қолданылып, 18 кәсіпорында бұл мәселе жұмысшылардың пайдасына шешілді. Ал, 7 кәсіпорынға тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Еңбек жанжалдарын болдырмау, оның ішінде жалақыны көтеру, мерзімінен кешіктірмеу, міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеу, өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері 12 мәрте өңірлік үш жақты комиссия отырысында қаралды. Комиссияда 90 кәсіпорын басшысы шақырылды», -деп мәлім етті Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жұмысшыларға 198,8 млн теңге жалақы берешеге өтелгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар