Атырау облысында 31 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 31 мыңнан астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биылғы 1 ақпанынан бері «Спутник V», «QazVac» вакциналарының 63 700 дозасы жеткізілген. Вакцина салдыру үшін 36 стационарлық, 10 жылжымалы егу бекеті ашылған.

«Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 31 690 адам салдырды. Ал, II компоненті 8612 адамға егілді. Соңғы үш күнде – 1, 2 және 3 мамырда вакцинаны 3 056 адам алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мереке күндері вакциналау бекеттері жұмыс істейтінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар