Атырау облысында 300-ден астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 300-ден астам адам ревакциналаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, биылғы 1 ақпаннан бері Covid-19-ға қарсы вакциналардың І компонентін 250 мың 220 адам салдырған. Ал, вакциналардың ІІ компонентін алғандар саны 230 мың 539 адамға жеткен.

«Атырау облысында коронавирус инфекциясынан қорғау үшін қайта вакциналау жалғасып жатыр. Осыған орай 23 қарашадан бері жергілікті 312 тұрғын қайта вакциналаудан өтті. Қазір өңірде қайта вакциналаудан өтетін адамдардың жалпы саны 2286 адамды құрап отыр. Олар – биылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Осы санатқа 8 саланың өкілдері кіреді. Олар – медицина саласының қызметкерлері мен мұғалімдер, полицейлер, студенттер мен арнайы мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен созылмалы сырқаты бар адамдар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 224 адамға вакцинаның үшінші дозасы салынған еді.


Соңғы жаңалықтар