+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырау облысында 30-дан астам елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

2020 жылғы 16 наурыз 06:00
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 30-дан астам елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көктемде су басуы мүмкін 34 елді мекен бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды Атырауда көпбалалы ана алтыншы перзентін модульдік ауруханада босанды Коронавирус: Атырауда екі ай жансақтау бөлімінде жатқан науқас емделіп шықты

Облыстық Төтенше жадайлар департаментінің бөлім жетекшісі Берік Құрманалиевтің айтуынша, департамент өкілдері Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград және Оренбург облыстарының бас басқармаларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соның ішінде гидрологиялық режим бойынша да мәлімттер алмасып отыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Ал қазір көктем шықты, қар енді еріп жатыр. Сондықтан су тасқынының қаупі әлі алда.

Атырау облысының аумағында 1 қала мен 4 ауданды, 34 елді мекенді, 27258 адам тұрып жатқан 8474 тұрғын үйді су басу қаупі төніп тұр. Жергіліктің және республикалық маңыздағы ұзындығы 166 км-ді құрайтын 28 қауіпті жол учаскелері бар.

Берік Құрманғалиевтің хабарлауынша, су тасқынының салдарын жою үшін 8 461,1 тонна жанар-жағармай, 1 947 тонна инертті материалдар, 40 мыңға жуық қап, 45 шатыр мен 6358 көрпе-төсегі бар кереуеттер дайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT