Атырау облысында 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгінге дейін «Спутник V» вакцинасын алғандар адамдар саны 3 166-ға жеткен. Оның ішінде 1 550 медицина қызметкері, 1 275 педагог пен 341 полицей бар.

«Атырау облысына 3 600 «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Қазір вакцинаның 3207 дозасы егілді. Вакцинациялау нысандарында әлі 391 доза бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 6 күнде 721 педагог вакцина алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар