Атырау облысында 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметші вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметші вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 9 қарашада Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 720 жергілікті тұрғын алған.

«Өңірде коронавирус инфекциясын таралуын болдырмаудың бір жолы – вакцина салдыру. Осы орайда тұрғындар арасында вакцинаның маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы қарқын алды. Мұндай шара әсіресе, вакцина салдыру көрсеткіші төмен аудандарда жандандырылды. Осындай түсіндіру жұмысының нәтижесінде биылғы 1 ақпаннан 9 қараша аралығында вакциналардың І компонентін салдырған адамдардың саны 243 805-ке жетті. Вакциналарды ектіргендердің арасында педагогтар мен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен студенттерге қоса 2 899 мемлекеттік қызметші де бар. Вакциналардың II компонентін 220 985 атыраулық салдырды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында тұрғындардың 60 пайызы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар