Атырау облысында 28 наурыздан бері 12 мың адам коронавирус жұқтырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 28 наурыздан бері 12 561 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі 28 наурызда тіркелген. Содан бері 20 желтоқсанға дейін 12 561 адам қауіпті індетті жұқтырған. Оның ішінде 3640 науқаста симптомды, ал, 8921 пациентте симптомсыз түрі анықталған.

«Атырау қаласында – 5848, Жылыой ауданында 4857 науқас тіркелді. Оның ішінде Теңіз кен орнында – 3705, Құлсары қаласында – 1152, Индер ауданында – 369, Исатай ауданында – 258, Қызылқоға ауданында – 447, Құрманғазы ауданында – 246, Мақат ауданында – 296, Махамбет ауданында 240 адамда қауіпті індеттің белгісі табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын қыркүйектен бері 33 атыраулық оқушы коронавирусқа шалдыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар