Атырау облысында 276 бала мектепке екпесіз барады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 276 бала мектепке екпесіз барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ата-аналар балаларына діни себептермен екпе жасатудан бас тартып жатады. 276 баланың 89% бас тартуға мәжбүрлеп отырған себеп - дәл осы. Олар кез келген уақытта сырқаттанып қалуы мүмкін, сөйтіп сау балаларға қауіп төндіреді», - деді Атырау облысы Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиев.

Т. Мұсағалиевтің айтуынша, екпе алмаған 276 баланың 220-сы Атырауда тұрады.  

«2017 жылы да дәл осындай мәселе туындаған еді. Туберкулезге қарсы манту вакциналау кезінде 400-ден астам ата-ана балаларына екпе жасатудан бас тартты. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың санын 180-ге дейін түсірдік. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша өткен кеңес барысында аталмыш мәселені шешу үшін арнайы үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныс білдірдім», - деді Т. Мұсағалиев 

Соңғы жаңалықтар