Атырау облысында 26 жастағы жігіт Ойыл өзеніне батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 26 жастағы жігіт Ойыл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға бүгін, 21 сәуірде Қызылқоға ауданында болған.

«Қызылқоға ауданында тұратын 1996 жылғы жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да атпен Ойыл өзенін кесіп өтпек болған. Алайда, өзеннің жағалауына жете алмай, суға батып кеткен. Бүгін, 22 сәуірде сағат 10:45-те Тайсойған ауылынан 15 шақырым қашықтағы Ойыл өзенінде суға батқан жігітті іздестіру басталды. Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 4 қызметкері мен жергілікті 10 тұрғын тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар