Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәлім етуінше, 1 ақпан-19 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының I компонентін - 14 887, ал II компонентін 3 472 адам салдырған.

«Атырау облысында тұрғындардың саны 650 мың адамды құрайды. Оның ішінде 250 мың

тұрғынды вакцинациялау жоспарланып отыр. Бұл санатқа екпе алуға қарсы көрсетілімі жоқ 18 жастан асқан тұлғалар жатады», -дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, 1 ақпаннан бері облысқа «Спутник V» вакцинасының 15 200 дозасы

жеткізілген. Ал 23 сәуірде «Спутник V» вакцинасының I компонентіне арналған 8 мың дозасы әкелінбек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 14 705 адам вакцина салдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар