Атырау облысында 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Былтыр Атырау облысында 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 15 мың 400 тұрақты жұмыс орны бар.

«Еңбек» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды.​ Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4,7 млрд теңге бөлініп, 29 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде 24 мың 900 адам жұмысқа орналасты» -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға

берілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар