Атырау облысында 23 жұмысшының тамақтан улануы: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 23 жұмысшының тамақтан улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 3 маусымда «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 23 жұмысшысы түскі астан уланып қалған еді.

Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

«Инфекциялық ауруханаға 3 маусымда сағат 19:45-те 21 жұмысшы, 4 маусымда сағат 01:00-де тағы 2 адам түсті. Ауруханаға жатқан науқастардың бәрінде улану белгілері байқалды. Науқастар бас айналу, құсу, әлсіздік және диарея белгілеріне шағымданған» деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жұмысшылар компанияның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1 бөлігімен (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар