USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті

2021 жылғы 30 қараша 13:19
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырды Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті Қазақстанда неше доза вакцина бар

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,

ревакцинаны алатындар саны 2 286 адамды құрап отыр.

«Атырау облысында 23 қарашадан бері ревакцинаны 224 адам салдырды. Ал, биылғы 1-28

ақпан аралығында Спутник – V вакцинасын ектірген адамдардың саны – 2 286. Енді олар

ревакцинаны алуы керек. Бұған 8 санаттағы адамдар кіреді. Олар – педагогтар мен

медицина саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен

полицейлер, мемлекеттік қызметшілер мен студенттер. Сондай-ақ, бұл санатта арнайы

мекемелердің қызметкерлері мен созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер бар», -

деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова

ревакцинациядан өткенін жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT