Атырау облысында 206 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 206 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидің мәліметінше, қайтарылған жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатында алынғанымен, пайдаланылмай келген.

«Былтыр ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмей жатқан 201 мың гектар жер анықталды. Оның ішінде 17 мың гектары шара қолданудың нәтижесінде қайта игеріле бастады. Ал, 87 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Биылғы он бір айда 206 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 185 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып отыр», -дейді Әлібек Ермекқали.

Оның айтуынша, мемлекетке қайтарылған жер телімдерінің 190 гектары жайылымдық, ал 140 гектары шабындық алқап ретінде берілген. Жер телімдерінің 15 гектары басқа мақсат үшін алынған. Жер телімінің 120 гектарын иелері өз еркімен қайтарып берген. Қазір жергілікті атқарушы органдардың мамандары 97 мың гектар жердің игерілмеу себебін анықтау мәселесін қарап жатыр.

«Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде

136 мыңнан астам адам кезекте тұр. Биыл жыл басынан 1 003 адамға жер учаскесі берілді», -деп мәлім етті Әлібек Ермекқали.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 165 мыңға жуық гектар жер мемлекет

меншігіне қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар