Атырау облысында 2025 жылға дейін 30-ға жуық медициналық нысан салынады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 2025 жылға дейін 30-ға жуық жаңа типтік жобамен медициналық нысан салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында жаңа типтік жобадағы медициналық нысандар құрылысы іске асырылып жатыр. Өңірде 2025 жылға дейін осындай 30-ға жуық нысанды іске қосу көзделген.

«Биылғы үш айда туу көрсеткіші 1,6%-ға жоғарылағаны байқалды. Ал, өлім-жітім 36,4%-ға төмендеді. Мәселен, нәресте өлімі 21,5%-ға, туберкулезден қайтыс болғандар 25%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлім-жітім 10,9%-ға, қатерлі ісіктен көз жұмғандар 8,8%-ға азайды», -деп хабарлады басқарманың баспаөсз қызметі.

Ауруханаларда емделгендер қатары көбейген. Мәселен, облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрғабыл Айтмұханбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 181 науқас емделген. Бұл – былтырғы көрсеткіш 9 пайызға артық.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің пікірінше, медицина қызметкерлері тұрғындар денсаулығын жақсартуға барынша жұмыстануы қажет.

«Медицина қызметкерлеріне жүгінген әр адамның денсаулығығына баса аудару қажет. Дәрігерлердің қателесуіне немесе жұмысты әлсіретуіне мүлде болмайды. Өйткені, дәрігерлердің жұмысы ұдайы сараланады», -дейді Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының 18 ауылдық елді мекені медициналық нысанға зәру екенін хабарлаған болатынбыз.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бимесбиевтің айтуынша, ұлттық жоба шеңберінде 18 ауылдық елді мекенде медицина нысандарын салу жоспарланған. Оның ішінде 11 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.


Соңғы жаңалықтар