Атырау облысында 201 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның І компонентін салдырғандар саны 201 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-5 қыркүйекте 1 891 адам вакцина ектірген.

«Биылғы 1 ақпан мен 5 қыркүйек аралығында 201 618 атыраулық тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырды. Вакциналардың ІІ компонентін алғандардың саны 149 238 адамға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау обблысында вакцинаның екі компонентін салдырғандар 139 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар