АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 200 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қазанда 681 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін ектірген.
«Биылғы 1 ақпан мен 11 қазан аралығындағы кезеңде қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың І компонентін салдырған адамдардың саны 232 102-ні құрады. Вакциналардың II компонентін 200 248 алды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.