Атырау облысында 200-ге жуық адамнан туберкулез анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында биылғы жеті айда 193 адамнан туберкулез дерті анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішевтің мәліметінше, биыл туберкулезге шалдыққандар саны 20-25 пайызға азайды.

«Биылғы 7 айда туберкулез ауруы 193 адамнан анықталып отыр. Былтыр осындай мезгілде 225 науқас есепке алынған еді», - дейді Серік Әбішев.

Оның айтуынша, диспансерде коронавирусқа шалдыққандар үшін провизорлық орындар құрылған. Бүгінде төсек-орындар саны 50 пайыз қысқарған.

«Диспансердегі провизорлық стационардан ​ соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шықты. Ал, тамыздан бері провизорлық керует санын 50-ге дейін азайттық. Қазір 10-ға жуық науқас ем алып жатыр. Олардың арасында жасанды желдету аппаратына қосылған пациент жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан,​ диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазан айында облыста тұмауға қарсы вакцинация басталады.


Соңғы жаңалықтар