Атырау облысында 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Достық үйіне барып, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. ҚазАқпарат бұл туралы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірованың айтуынша, өңірде 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің дамуына үлес қосып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын шаралар халық бірлігі мен бейбітшіліктің, достықтың нығаюына бағытталған.

Қоғам бірлігінің маңызды факторы – мемлекеттік тілді білу. Сондықтан, Ассамблеяның облыстағы өкілдігі осы бағытта бірқатар жұмыстар атқаруда. Мәселен, жастар ұлты басқа болса да, қазақ тілін үйренуде.

«Бізде ұлтаралық араздыққа ешқандай негіз жоқ. Бірақ, әсіресе, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу артық етпейді. Өзара қарым-қатынастың тарихы тереңде, оны қадірлей білуіміз керек. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құндылықтардың бағасын білуге тиіспіз», -деді этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесуде Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар