Атырау облысында 18 ауылдық округ әкімін сайлауға 73 үміткер ұсынылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында әкім сайлауына 73 үміткер ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, 18 ауылдық округ әкімінің сайлауына 73 үміткер ұсынылған. Оның ішінде 39 үміткер (53,4%) – саяси партиялардың өкілі. Ал, 34 үміткер (46,6%) өзін-өзі ұсынып, әкім сайлауына қатысуға ниет білдірген.

«Мәселен, NurОtan партиясы 15, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «АDAL» партиясы – 6, Қазақстан халық партиясы – 7 кандидат, ЖСДП 3 үміткер ұсынды. Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады. 10 шілдеде 54 үміткер тіркелді. Бұл үміткерлердің – 74 пайызы», - деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар