Атырау облысында 18 адам үнді штамын жұқтырып алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «дельта» штамының 18 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың ақпаратына сүйенсек, соңғы тәулікте тексеруге 43 сынама жіберілген.

«Оның ішінде 18 сынамадан «дельта» штамы анықталды. Өңірде қауіпті вирус өршіп тұрғанына қарамастан, әртүрлі іс-шараны өткізуді, оған қатысу тоқтамай тұр. Жақында мониторинг тобы осындай 74 іс-шараны анықтады. Бұл былтырғы осы кезеңде індеттің өршігенін ұмытқанымызды байқатады. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтап, вакцина алуға шақырамын» -деді Мәдениет Таниуов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырған 24 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар