Атырау облысында 16 елді мекенде ауыз су желісі жүргізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында 16 елді мекенде ауыз су желісі жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәліметінше, былтыр «Атырау облысының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы» қабылданған.

«Қазір мұнайлы өңір тұрғындарының 99%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Енді 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасына сәйкес 27 елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл 16 елді мекенде ауыз су желісін жүргізу аяқталады.

Ал, келесі жылы тағы 6 елді мекенге ауыз су жеткізіледі. Тағы 9 елді мекенді ауыз сумен

қамту 2025 жылға дейін жүзеге асырылады», -дейді Нариман Таушов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын сапалы жоспарлау стандарымен Атырау қаласын дамыту

қалай жүзеге асатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар