Атырау облысында 1500 ата-ана түнгі уақытта балалары қараусыз жүргені үшін жазаланған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түнгі уақытта мас жүрген 17 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының рұқсатынсыз жүрген 1500-ге жуық жасөспірім анықталған. Олардың бәрінің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Полиция қызметкерлері биылғы жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішіп жүрген 20-ға жуық жасөспірімді анықтады. Соның бірі – Қызылқоға ауданынан келген 17 жасар бозбала. Ол түнгі сағат 23:30 шамасында «Исатай-Махамбет» алаңында ата-анасының қарауынсыз жүрген. Тексеру кезінде оның масаң күйде екені белгілі болды. Ол достарымен бірге сыра ішкенін мойындады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сыраға мас болған бозбаланың ата-анасы шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту берілген. Осы Кодекстің 440-бабының 2-бөлігімен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 16 жасар бозбала нөмірі жасырылған көлікті жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар