Атырау облысында 133 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулікте 133 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қауіпті індетке шалдыққан науқастардың басым бөлігі тағы да Теңіз кенішінен шығып отыр. Мұнда 71 жұмысшыдан коронавирус белгісі табылған.

«Науқастардың 38-і Атырау қаласында тіркелді. Ал Жылыой аудаында 5, Қызылқоғада – 2, Индерде – 6, Мақатта – 3, Құрманғазы ауданында 8 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Қауіпті індет 36 науқаста симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 25 адам емделіп шыққан. Үй жағдайында 330 адам әлі емделіп жатыр.

Ал, облыстық инфекциялық стационарда 119, аудандардағы инфекциялық стационарларда 22 пациент емделуде. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 516 адам емделуге жатқызылған.

Қазір облыстағы 1225 орындық инфекциялық стационардағы науқастардың үлесі 53,6 пайызды құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырған болатын.


Соңғы жаңалықтар