Атырау облысында 121 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қауіпті вирусқа қарсы вакцина алғандар саны 121 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 1 ақпан мен 13 шілде аралығында «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 121 286 адам ектірген.

Аталған вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 63 946 адамды құрап отыр.

«Өткен тәулік – 13 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 3 084 адам салдырды. Вакцина алғандардың қатарында 180 педагог, 85 дәрігер, 66 студент, 25 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 18, құқық қорғау органдарының 14 қызметкері бар. Сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар 525 пациент пен жергілікті 2 171 тұрғын вакцина алды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина салдырғандар саны 115 мыңнан асқан болатын.


Соңғы жаңалықтар