Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға берілді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.

​«Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталық үшін 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елді мекенде дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, осы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды» -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, аймақта 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен.

Сондай-ақ, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында 75 орындық аурухананың құрылысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар