Атырау облысында 1,4 млрд теңгенің жыжыжайы салынып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Ақжайық ауылында 1,4 млрд теңгенің жылыжайы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақжайық ауылы – Махамбет ауданында орналасқан округтің бірі. Жайық жағасындағы ірі елді мекенде мал және егін шаруашылығы қатар қанат жайған. Қазір мұнда 4 гектар аумақта ірі жылыжай құрылысы қолға алынған.

«Жұмағалиева Н» шаруа қожалығының жетекшісі Оспан Алмастың айтуынша, жобаның жалпы құны – 1,4 млрд теңге. Жылыжайды төртінші тоқсанда іске қосу жоспарланған.

«Құрылыс алаңында 14 адам жұмыс істейді. Қазір жылыжай нысанының қабырғасы құрастырыла бастады. Электр және газ желісі тартылды. Бұл жылыжай іске қосылғанда 350 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұнда жылына 350 тонна қияр, қызанақ сынды көкөніс өнімдері өсіріледі» -дейді Оспан Алмас.

Жылыжай құрылысымен танысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов азық-түлік белдеуін құру үшін мұндай жобалардың қажеттігіне тоқталды.

«Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барынша қолдау көрсетіліп отыр. Өңір тұрғындарына сапалы әрі арзан көкөніс өнімдерін ұсынуды көздейтін бұл жылыжайда да жұмыс орындары ашылады. Жылыжай өнімдері жергілікті нарықтағы бағаның тұрақты болуына ықпал етеді. Сондықтан, осындай жобаларды көбірек іске қосу қажет» -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында алманың 32 түрінен шырын өндіретін цех ашылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар