Атырау облысына зымыран бөлігі құлады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына «Стриж» зымыранының бір бөлігі құлады. Қолданушылары зымыранның сынған бөлігінің суретін желіде жариялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ТЖД-ға сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД жедел кезекшісі мәлім еткендей, «Стриж» зымыранының 7-8 метрлік бір бөлігі 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Құрманғазы ауданына қарасты Құрманғазы елді мекенінен 20 шақырым жерде құлаған.

«Зымыран бөлігі құлағаннан кейін сол жердің құрғақ шөбі өртене бастаған. ТЖД қызметкерлері оны ауыздықтап үлгерді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Радиациялық аясы нормасынан асқан жоқ», - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Оқиға орнында арнайы жасақталған комиссия жұмыс жасап жатыр. Арнайы ммандар зымыранның бөлігі табылған жерді қоршауға алды.

null 

Соңғы жаңалықтар