Атырау облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы жеткізілді
2022 жылғы 26 қаңтар 13:59

Атырау облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, бұл препарат тұрғындарды COVID-19 инфекциясына қарсы қайта вакцинациялауға

арналған.

«Ресей Федерациясында шығарылған «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы Атырау қаласындағы №1,2,3,4,5,7, Геолог, Дамбы және Еркінқала елді мекендеріндегі емханаларда, сондай-ақ, жеті аудандық аурухананың егу пункттеріне таратылды. Бұл –векторлық вакцина. Оның құрамы «Спутник V» вакцинасының І компонентіне ұқсас.

Вакцина –18 градус және одан төмен температурада сақталады. Оны коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың толық курсынан 6 ай өткеннен соң ревакцинация үшін алуға болады», -деп мәлім етті Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қанша адам ревакцинациядан өтетінін

жазған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT