Атырау облысына QAZVAС вакцинасының алғашқы дозасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырау облысына QAZVAС вакцинасының алғашқы 2 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, екі компоненттен тұратын QAZVAС вакцинасының алғашқы 2 мың дозасы Атырауға жеткізілді. Вакцина екі егу пунктіне - Атырау қаласының емханаларына таратылған.

«Қазақстандық QazCovid - in (QAZVAС) – екі дозалы вакцина. Бір құты бір адамға есептелген. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді. Себебі, 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады», - дейді Асхан Бәйдуәлиев.


Соңғы жаңалықтар