Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцинаның І және ІІ компонентіне арналған дозалары бүгін, 19 қарашада облыстық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген.

«Атырау облысына 9 қарашада вакцинаны сақтауға арналған екі мұздатқыш әкелінген болатын. Енді бүгін Pfizer вакцинасын егу басталады. Вакцина алдын ала берілген тізімге сәйкес ерікті түрде салынады. Бұл вакцинаны алу үшін тұрғылықты мекен-жайына байланысты тіркелген емханаға жүгіну қажет», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам алатынын , кейіннен балаларға емханада салынатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар