Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырау облысына қазақстандық зауыттан тағы 68 тонна қант жеткізілді

2022 жылғы 11 маусым 12:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына қазақстандық зауыттан тағы 68 тонна қант жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйесек, Атырау қаласындағы «Ярмарка Retaіl» супермаркетінің сауда желісіне 68 тонна қант түсті.

«Біздің супермаркет желісіне Алматы облысындағы «Көксу қант» зауытынан шығарылған 68 тонна қант әкелінді. Қазір қантты есепке алу жүргізіліп жатыр. Бірер күннен кейін супермаркет желісі арқылы сатылымға шығарылады. Алдағы 4-5 күннен кейін тағы 66 тонна, содан соң 64 тонна қант жеткізілетіні күтіліп отыр. Осылайша, әр 4-5 күн сайын қант әкеліне береді», -дейді «Ярмарка Retaіl» супермаркеті желісінің қойма меңгерушісі Клара Шарипова.

Ал, «Ярмарка Retaіl» супермаркетінің меңгерушісі Гүлмира Ғизатуллинаның айтуынша, сауда желісінде әзірге қант тапшылығы байқалып отырған жоқ.

«Супермаркет сөресіндегі қант азайған сайын толықтырылады. Мұнда тұтынушыға ұсынылған қанттың бір келісі 385 теңгеден сатылып жатыр», -деп мәлім етті Гүлмира Ғизатуллина.

Қазір Атырау қаласында «Ярмарка Retaіl» және «7я» супермаркеттерінің 15 нүктесі бар.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына зауыттан 66 тонна қант жеткізілген болатын.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар