Атырау облысы Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудандық мәслихат депутаттары Жұмабек Қаражановтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.

Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі, мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында әртүрлі лауазымды атқарған.

2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау жөніндегі №3 бөлімнің басшысы болған.

2017-2018 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы.

2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Жұмабек Қаражановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма жүктеді.


Соңғы жаңалықтар