Атырау облысы тұрғындарынан 30 заңсыз қару тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында заңнама талабын бұзған 30 адамның қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қарашадан бері «Қару – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның мақсаты – Атырау облысының аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ, қару иелерін

тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру. Полиция қызметкерлері 4 күнде заңсыз

айналымнан бір қару мен 14 дана оқ-дәрі алынды. Қаруы бар 1 500 адам тексерілді. Қару сақтау, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қаруы тәркіленді» - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы,

полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының тұрғыны пластик ыдыста есірткі

өсіргенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар