+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

2021 жылғы 23 шілде 01:01
Бөлісіңіз:
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Кенжеханұлы Битаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының Жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы келді Шымкент қалалық жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды Жамбыл облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

Бұған дейін Сәбит Кенжеханұлы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда туған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Вице-министр ТЖД бастығының алдына алдағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ-ның алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT