Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов аймақ активіне мемлекеттік Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Жанахмет Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Серік Шәпкенов жаңа басшының тәжірибесі мен біліктілігі жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға септігін тигізетінін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
null

Айта кетсек, Асқар Жанахмет еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер қызметінен бастаған.Кейін жеке компанияның бас директоры болған.

Әр жылдарда әкімдікте бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызметтер атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан бастап Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.

Соңғы жаңалықтар