Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылады - ІІМ

2019 жылғы 17 мамыр 16:49 1144
Бөлісіңіз:
Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылады - ІІМ

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ат мінгізілген видеосы әлеуметтік желіге тараған Атырау облысы Полиция департаментінің бастығының ісіне қатысты қызметтік тексерудің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік кеңесі төрағалығымен Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы А.С. Дүйсембаевқа қатысты қоғамдық резонанс туғызған факті бойынша аталған өңірге министрдің орынбасары А. Калайчиди бастаған Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді.

Комиссия А.С. Дүйсембаевтың қызметтік әдеп тәртібін бұзушылығын анықтаған қызметтік тексерудің қорытындысын қарады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі А.С. Дүйсембаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсыным енгізу жөнінде шешім қабылдаған.

«Сонымен қатар, облыстың Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция майоры С.А. Қалиев орнынан босатылды және бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, министрдің орынбасары жеке құраммен қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді», делінген министрлік таратқан хабарламада.


Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігі осы оқиға бойынша түсініктеме берген еді.  Ал, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық ПД бастығының әрекетін тексеруді тапсырған болатын. 


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT