Атырау облысы мен Ресей арасындағы сауда айналымы 30 млн АҚШ долларына жуықтады

None
Фото: ӨКҚ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы мен Ресей арасындағы сауда айналымы 30 млн АҚШ долларына жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен 2023-2026 жылдарға сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды.

Әкімнің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар айында Атырау облысының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 29,7 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 6,2 млн, импорт көлемі 23,5 млн АҚШ долларына жеткен.

«Қазақстан мен Ресей – көпғасырлық тарихы байланыстыратын достығы жарасқан елдер. Бұл байланыстар Еуразиялық экономикалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да халықаралық ұйымдар аясында жаңа мазмұнға ие болып отыр. Осының бәрінде де екі ел жетекші рөл атқарады. Ал Атырау мен Астрахань облыстары арасында көп жылдан бері сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғатты қорғау салаларында және өзге де бағыттар бойынша табысты ынтымақтастық жолға қойылды. Екі облысқа ортақ мәселелерді бірлесіп шешу үшін өңіраралық қатынасты одан әрі нығайту қажет. Сол себептен, серіктестікті дамыту мақсатында үш жылдық іс-шаралар жоспарына қол қойдық», -деді Серік Шәпкенов.


Ал, Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өңіраралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.

«Екі күннен бері Астрахань облысының делегациясы атыраулық әріптестерімен бірге арадағы ынтымақтастықты жаңа бағытпен дамыту мүмкіндігін талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерімен алмасуды ойластырып отырмыз. Біз атыраулық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді Астрахань облысындағы жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз. Біздің іскерлік-гуманитарлық келісім-шарттарымызды нығайту мақсатында Астрахань мен Атырау арасында тікелей әуе қатынасы қайта жанданғанын қалаймыз», -деді Игор Бабушкин.

Еске сала кетелік, бұған дейінҚазақстан мен Ресей өрт сөндірушілері бірлескен жаттығу өткізіп жатқанын жазған едік.





Соңғы жаңалықтар