Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жаңа басшы келді

None
Фото: Атырау облысы ӨКҚ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына басшы тағайындалды. Бұл лауазымды облыс әкімінің өкімімен Нариман Биғали атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нариман Биғалидың үш жоғары білімі бар. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқық», Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығымен бітірген.

Маңғыстау, Атырау облыстарында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған.

2011 – 2014 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облысы бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі бөлімінің бас маманы, 2014 – 2018 жылдары «Нуркапстройгаз» ЖШС директоры болған.


Ал, 2018 – 2020 жылдар аралығында Атырау облысы Құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас маманы, 2020 – 2021 жылдары Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2021 – 2022 жылдары Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қайсар Абдалиевтің Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқаратынын хабарлаған болатынбыз.

Ол Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарған.

Осы тағайындауға дейін басқарманы үш жылға жуық басқарған Асхан Бәйдуалиевтің орынбасары лауазымын атқарған.

Сондай-ақ Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар