Атырау облысы Құрманғазы ауданында жаңа әкім тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Бибоз Байдәулетұлы Шаяхметов Құрманғазы ауданының әкімі болып тағайындалды.

«Бүгін Құрманғазы аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысқан облыс әкімі Н. Ноғаев депутаттарға аудан әкімі лауазымына Бибоз Байдәулетұлы Шаяхметовтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев осы күні активке жаңа әкімді таныстырды», деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметінен.

Бибоз Байдәулетұлы 1960 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туылған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1976 жылы Миялы ауылында «Қазауылшаруашылығы техникасы» бірлестігінде жөндеуші болып бастады. 1983-1990 жылдары экономист, Қызылқоға ауданы комсомол комитетінің екінші, сосын бірінші хатшысы болды. 1990-1999 жылдары Миялы ауылында халықтық бақылау комитетінің инспекторы, партия комитетінде нұсқаушы, қаржы бөлімінде ауыл шаруашылығы бойынша аға экономист, төлем орталығында бірінші санатты маман, экономика басқармасында бастық, Қызылқоға ауданының әкімі болды. 1999-2016 жж. экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық меншік, құрылыс, тұрғын үй шаруашылығы, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімдерінің меңгерушісі, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар