Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Алайда бүгінгі мәлімет «қызыл» аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр.

Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.

Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.


Соңғы жаңалықтар