+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

2019 жылғы 18 қазан 18:11
Бөлісіңіз:
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Облыс әкімінің денсаулық сақтау саласына жауапты бірінші орынбасары Серік Шапкеновке қатаң сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сенсек, қазір облыста денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударуда, жыл сайын дәрігерлерге қажетті қаражат бөлініп жатыр, салаға құйылған қаржы көлемі өсіп келеді, перзентхана, аурухана, медициналық мекеме атаулының бәрінің осы күнгі мәселелері шешімін тауып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы олардың талапқа сай болуы үшін жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Мәншүк Аймұрзиева Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2017 жылы тағайындалған. Оған дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болған.

Еске салайық, Атырау облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері мен акушері саналы түрде сәбидің өмірін сақтап қалмады деген күдікке ілінген.

Орталық қызметкерлері жұмыстан кетуге өтініш жазып, артынша Президенттен көмек сұраған.

Сенбі күні Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған бір топ маман келді.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы да Атыраудағы медицина қызметкерлерінің жағдайына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Авторы: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT