Атырау облысы әкімінің тағы бір жаңа орынбасары тағайындалды
2022 жылғы 11 тамыз 14:00

Атырау облысы әкімінің тағы бір жаңа орынбасары тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің тағы бір жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен Жасұлан Орақұлы Бисембиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратын болды.

Жасұлан Орақұлы Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінен әлеуметтану магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған. «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Атырау Ақпарат» МКК төрағасының көмекшісі болған.

2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы» орталығын басқарған. 2016 жылдың мамыр айында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағйындалып, 2017 жылы аталған басқарманың басшысы қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болған. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.» компаниясының менеджері, 2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT