Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ревакцинациядан өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысында ревакциналау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ревакциналауды қатарында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ созылмалы сырқаты бар пациенттер алады.

Бүгін, 23 қарашада ревакциналарды алуға алғашқылардың қатарында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев келді.

«Мен 1 ақпанда Sputnik V векторлы вакцинаның І компонентін, ал, 21 күннен кейін екіншісін алған едім. Бүгін QazVac инактивацияланған отандық вакцинаны салдырдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін» - деді Бақытгүл Хаменова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, ревакцина алушыларға векторлы және белсенді емес екпенің екі түрі ұсынылып отыр.

«Sputnik V – векторлы, ал, өзге вакциналар белсендірілмеген. Векторлы вакцина алған адамдарға 9 айдан кейін инактивацияланған вакцинаны салдыруға болады. Осы орайда оларға Vero Cell немесе QazVac вакциналарын алу ұсынылады. Ал, кез келген инактивацияланған вакцина алғандарға Sputnik V векторлық вакцинаны 6 айдан кейін ектіреді» -дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында балалар мен жүкті әйелдерге Рfizer вакцинасын салу басталған еді.


Соңғы жаңалықтар