Атырау облысы әкімдігінің Telegram каналын қолданушылар саны 20 мың адамға жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысы әкімдігінің Telegram каналын қолданушылар 20 мың адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылы ашылған Telegram каналына бүгінге дейін тұрғындардан 15 мыңға таяу сұрақ түскен. Сондай-ақ, тұрғындар аптасына 200-ге жуық сауал жолдайды.

«Telegram каналы халықтың облыс әкімдігінің өкілдері мен тиісті органдар жетекшілермен тікелей байланыс орнатудың тиімді алаңына айналды. Бұл –әсіресе, әлеуметтік мəселелердің жедел шешілуіне арналған таптырмас құрал», - дейді өңірлік коммуникациялар қызметі талдау бөлімінің басшысы Аяжан Қайдар.

Қазір Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктері де Telegram каналынан парақша ашқан. Мақсат –ауыл тұрғындарының өтінімдеріне дер кезінде жауап беру. Әр ауданда каналды шамамен 3-5 мың адам қолданады.


Соңғы жаңалықтар