Атырау облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бұл қызметті полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев атқаратын болды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

«Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады. Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ Академиясының түлегі. Жаңа қызметке дейін Атырау облыстық олиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар