Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметіне қарағанда, күдікті ағасымен бірге елден шығарылу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматынан Атырау қалалық сотының судьясына пара беруді сұраған. Полиция полковнигіне 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры жеткізіп берген. Алайда, шетелдік валюта судьяға жеткізілмеген.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-баптың 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалған болатын.

Соңғы жаңалықтар