+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Атырау облыстық ПД бұрынғы бастығының әскери атағы өзінде қалады - ІІМ

2019 жылғы 21 мамыр 18:02
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық ПД бұрынғы бастығының әскери атағы өзінде қалады - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атқа мініп, атақ алғанын атап өткен Атырау облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Аян Дүйсенбаев құқық қорғау органы саласында еңбек ете ала ма? Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол қызметінен босатылды. Бірақ, жұмыстан шығарылған жоқ. Жазалаудың бірнеше түрі бар. Ол жазалардың бірі - бастық қызметінен босатылғанымен, төмендетілген тәртіпте жұмыста бола алады. Екіншіден, әскери атағы бойынша төмендету де бар. Заң бойынша, егер белгілі бір әскери бастықты әскери атағынан айырар болса - ол жаза бар-жоғы алты ай күшінде болады. Яғни, алты айдан кейін атағы оған қайтарылар еді. Алайда біз қатаңдау - қызметінен босату жазасын бердік. Ол бұдан әрі резервте болмайды. ІІМ-нің қарауында болады. Қызметінен босатылған кез келген офицер бұрынғыдан төменгі лауазымға тағайындалғанға дейін ІІМ-нің қарауында жүреді», - дейді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін тілшілерге.

Оның айтуынша, әскери атақ офицерден тек қылмыс жасаған кезде немесе жемқорлық қылмысына барған жағдайда тартып алынады.

Алексей Калайчиди бұдан бұрын Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры шенін алуына орай ұйымдастырылған шараға қатысқанын мәлім еткен еді.

Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігі осы оқиға бойынша бұдан бұрын түсініктеме берген еді. Ал, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық ПД бастығының әрекетін тексеруді тапсырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT