Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып Бағытжан Бағытұлы Төлеген тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағытжан Бағытұлы 1985 жылы туған. Бірнеше жоғары білімі бар. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2017 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік муниципалды басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласындағы «Декор» компаниясының менеджері болып бастап, кейін бірнеше лауазымды қызметтер атқарған. 2017-2018 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде сатып алу және жабдықтау бөлімінің басшысы болды. Ал, 2018 жылдың маусымынан бері Маңғыстау облысында мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар